Ссылки доступа

Әзірбайжанда 90 мың доллар тұратын әжетхана ашылды


Бейлаганда мектеп дәретханасы салтанатты түрде ашылды.

Бейлагандағы №1 және №4 орта мектепте Жапония үкіметінің «Шөп тамырлары және адамның қауіпсіздігі» аталатын гранттық жобасының аясында жаңа әжетханалар пайдалануға берілді.

Көкек айының соңында №1 мектепте осыған орай Жапонияның Әзірбайжандағы елшісі Цугуо Такахашидың, мектеп мұғалымдері мен оқушыларының және Атқарушы билік басшысы Вагиф Абдуллаевтың қатысуымен салтанатты шара өткен. Бұл туралы minval.az. хабарлайды.

Бұдан соң шараға қатысушылар қызыл матаны кесіп, жоба аясында атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен танысқан. Жобаның құны 90 300 АҚШ долларын құраған.

XS
SM
MD
LG