Ссылки доступа

«Панамагейт»:ICIJ құжаттарында Дариға Назарбаеваның есімі аталады.


9 мамырда интернетте жарияланған панамалық Mossack Fonseca заңгерлік компаниясының әлемнің әр түкпіріндегі саясаткерлер, бизнесмендер мен шенеуніктердің офшорлық есепшоттарын растайтын құжаттарының арасында «Dariga N. Nazarbayeva» атты құжат бар.

Әңгіме Қазақстан үкіметінің вице-премьері, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева туралы болуы мүмкін. Зерттеуші журналистердің халықаралық консорциумының (ICIJ) мәліметінше, Dariga N. Nazarbayeva 2007-2012 жылдар аралығында Британдық Виргин аралдарында тіркелген Asterry Holdings LTD офшорлық компаниясының тең қожасы болған.

Құжатта сонымен бірге миллионер Сержан Жұмашовтың, металлургия алыбы - ENRC тең қожайыны Патох Шодиевтің, бизнесмен Марғұлан Сейсембаевтың аттары аталады. Тізімде құжаттарға сәйкес, Уругвайда тіркелген және Masterton Management LTD компаниясының тең иесі боп табылатын Erlan Sagadiev дейтін адам бар.

«Панамагейт» дауының аясында танымал адамдардың офшорлық есепшоттары туралы алғашқы жарияланымдар биыл көкек айының басында жарық көрді. Құжаттарда Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәли Әлиевтің есімі аталады.

Бірқатар елде «Панамагейт» бойынша офшорлық есепшоттары жария болған саясаткерлердің басы дауға қалып, қызметтерімен қоштасты. Қазақстанда журналистер консорциумының зерттеу жұмыстарының ешқандай әсері болмады.

XS
SM
MD
LG