Ссылки доступа

Тәжікстанда балалар омбудсмені пайда болды


Тәжік парламентінің төменгі палата депутаттарының көпшілігі Раджабмох Бадриддинованы Тәжікстандағы Балалар құқығын қорғау жөніндегі уәкілі болуын қолдап, дауыс берді.

Оның кандидатурасын президент Эмомали Рахмон ұсынған. Ол сонымен бірге омбудсменнің орынбасары болып та жұмыс істейді.

Өткен жылдың желтоқсан айында тәжік парламенті Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы заңға өзгерістер енгізіп, балалар құқығын қорғайтын уәкіл қызметін құрған. Депутаттардың көпшілігі болашақ ұрпақ үшін балалар құқығын қорғайтын институттың құрылуы маңызды деп санайды.

Әлеуметтік ұйымдар мен азаматтық қоғам балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың көбейгенін, балалар еңбегін пайдаланудың етек алғанын, балаларға арналған пайдалы тағамның жетіспейтіндігін айтып дабыл қағып келген. Соңғы зерттеулер бойынша, қаназдық пен дәрумендердің жетіспеушілігі салдарынан 300 мың баланың бойы дұрыс өспеген.

XS
SM
MD
LG