Ссылки доступа

Алматыда әйелін иығына көтеріп жүгіруден тұңғыш чемпионат өтті


Алматылықтар үшін әзірге таңсық көрінетін бұл жарыс Дүниежүзілік отбасы күніне орайластырылған. Сайысқа тек ресми түрде некеде тұрғандар ғана қатыса алады.

Жүгіруге қатысушылар бірінші боп келуден бұрын иығындағы әйелінің жарақат алып қамауын қадағалауы керек. Мұндай жағдайда айып салынады немесе жарыстан шығып қалуы мүмкін. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әйелін қолымен көтере ме, арқасына мінгізіп жете ме, ол сайысқа қатысушының еркінде. Сайысқа қатысатын әйелдің салмағы 49 келіден кем болмауы тиіс, әйтпесе ер адамға қосымша жүк алып жүруге тура келеді.

Әйелдерін көтеріп жүгіру чемпионаты (Wife carrying World Championship) – Финляндияның Сонкаярви қаласында 1992 жылдан бері жыл сайын өтіп келеді. Қазір мұндай сайыс Еуропаның өзге де елдерінде және Азия мен Америка құрлығында ұйымдастырылады.

XS
SM
MD
LG