Ссылки доступа

Өзбекстан президентінің қызы сыйлыққа ие болды


Өзбекстанның ЮНЕСКО жанындағы өкілі боп табылатын өзбек президентінің кіші қызы Лола Каримова-Тилляева әлеуметтік желідегі парақшасында Global Gift Foundation қайырымдылық қорының сыйлығына ие болғаны туралы жазды.

Global Gift Foundation қорының жыл сайынғы марапаттау рәсімі Канн қаласында болған. Бұл күндері Францияның бұл қаласында 69 Халықаралық Канн кинофестивалі өтуде.

Өзбекстан президенті отбасының өкілдері Канн кинофестиваліндегі сауық кештерінде жиі бой көрсетеді. 2010 жылы Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнәр Каримованың Канн кинофестивалінің аясындағы «Кино ЖИТСке қарсы» қайырымдылық кешіне қатысқаны даумен аяқталды. Өйткені осы шараның өтуінен бірнеше ай бұрын ғана Өзбекстандағы ЖИТСке қарсы күресімен танылған белсенді, 28 жастағы Максим Попов «ВИЧ және ЖИТС бүгін» кітапшасын шығарғаны үшін жеті жылға сотталған еді.

Сол кезде Ислам Каримовтың қызы атақты жұлдыздармен бірге сауық кешінде болуы үшін 500 мың АҚШ долларын төлегені туралы айтылған болатын.

XS
SM
MD
LG