Ссылки доступа

Тәжікстандағы референдум өтті деп жарияланды (бейне)


Тәжікстанның ОСК 22 мамыр күні түске қарай сайлаушылардың 66% астамы келгендіктен конституциялық референдумның өткені туралы жариялады.

«Референдум барысында бақылаушылар мен азаматтардан ешқандай шағым түскен жоқ», - деді Тәжікстан Орталық сайлау комиссиясының басшысы Бахтиёр Худоёрзода.

Референдумда талқыға түскен өзгертулер президент Эмомали Рахмонға шексіз сайлауға түсуге жол ашады, президенттікке үміткер болу жасын 30 жасқа дейін төмендетеді. Соңғы өзгеріс Эмомали Рахмонның үлкен ұлына 2020 жылғы президент сайлауына қатысуына мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, референдум арқылы қабылданған өзгертулер бойынша діни және ұлттық сипаттағы саяси партия мен бірлестіктер құруға тыйым салынады.

XS
SM
MD
LG