Ссылки доступа

Чадтың бұрынғы президенті өмір бойына бас бостандығынан айырылды


Сенегалдағы арнайы трибунал дүйсенбі күні Чадтың бұрынғы президенті Хиссен Хабрені адамзатқа қарсы жасаған қылмысы үшін өмір бойына түрмеге жабу жазасына кесті.

Сот Хабрені 1982-1990 жылдары билік құрған кезінде саяси қарсыластарын өлтірді және азаптады деп тапты.

Құқық қорғаушылар Чад елінің экс-президентін 40 мыңнан астам адамның өліміне кінәлі деп санайды. Ауыр қылмыстары үшін ол "африкалық Пиночет" деген атқа ие болды. Хиссен Хабре тағылған айыптарды мойындамайды. 15 күн ішінде ол үкімге шағым бере алады.

Хабреден жәбір көрген жандар мен құқық қорғаушылар 16 жыл бойы 1990 жылғы төңкерістен соң Сенегалға қашқан оны сотқа тарту жолында күресті.

XS
SM
MD
LG