Ссылки доступа

Хован қорымының директоры адам өлтірді деп айыпталды


14 мамырда Мәскеу мазарында болған төбелес нәтижесінде үш тәжік азаматы қайтыс болып, жиырмадан аса тәжік мигранттары жараланған.

Ресейдің Мәскеу қаласы бойынша тергеу комитеті Хован қорымындағы төбелесті Қылмыстық кодекстің "бұзақылық", "екі және одан көп адам өлтіру" баптары бойынша қарап, алдын ала ұйымдастырылған деген байлам жасаған. Тергеу комитетінің хабарлауынша, Чабуев пен Бочарниковқа қылмысты ұйымдастырған деген айып тағылған.

Сонымен бірге сот өткен айда болған қанды оқиғадан бері түрмеде отырған бес тәжік азаматының қамау мерзімін ұзартқан. Оларға бұзақылық жасаған деген бап бойынша айыптар тағылған. Тәжікстан елшілігі азаматтарын қорғау үшін адвокат жалдағанын айтады.

14 мамырда Ресей астанасының шетінде орналасқан мазардағы жұмыстары үшін қылмыстық топ тәжік мигранттарынан тапқан пайдаларының үлесін бөлісуді талап еткен.

Екі тарап арасындағы дау төбелеске ұласып, атыс болған. Нәтижесінде тәжікстандық үш азамат қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG