Ссылки доступа

Савченко: "Донбаста кескілескен шайқас басталуы мүмкін"


Надежда Савченконың Донбастағы сапары
Надежда Савченконың Донбастағы сапары

Оның сөзінше, сепаратистер бақылайтын аумақта үш бекініс бар. Оның екеуі өте күшті ресейлік әскер дейді. "Ол жерден бұрын-соңды соншалықты көп сарбаз көрмеппін…бұл Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясы", – деп мәлімдеді Савченко Донбастағы сапарынан кейін өткізген баспасөз-мәслихатында.

Савченконың сөзінше, "украиналық тұтқындарды босатудың үш жолы бар": біріншісі – мемлекет басшысы деңгейінде, екіншісі – заң шығару органдары деңгейінде, үшіншісі – күрескерлер арасындағы "қатты соғыстан кейін". "Мен президент деңгейінде жұмыс істей алмаймын, бірақ халық депутаты ретінде қалған екі жолмен жұмыс істеуге дайынмын", – деп мәлімдеді Савченко.

Надежда Савченко Донбаста 6 маусымнан бері болған. Ол өзінің әріптесі Дмитрий Ярошпен бірге Авдеевка мен Широкинодағы украиналық әскери қызметкерлермен кездесіп қайтқан.

XS
SM
MD
LG