Ссылки доступа

Қырғызстан аңшылықты бірнеше жылға тоқтатуды көздейді


Орталық Азия жаңалықтар қызметіне агенттік басшысы Абдыкалык Курманов хабарлағандай, мұндай шаралар жануарларды қорғап, олардың көбеюіне мүмкіндік жасауға бағытталған.

Тыйым салуды біртіндеп 2017 жылдан 2025 жылға дейін қарастыру көзделген. Курманов барлық облыстарға бір уақытта тыйым салу мүмкін емес дейді. Тиісті заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылған.

Алдын Қырғызстанның бірқатар депутаттары аңдарға (қасқырлар мен шибөрілерді қоспағанда) аңшылық жасауды, 2030 жылға дейін доғару керек деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG