Ссылки доступа

Тәжікстан терроризммен күресудің жаңа ұлттық бағдарламасын қабылдайды


Тәжікстанда 2020 жылға дейін терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөніндегі жаңа стратегиялық құжат 4 тармақтан тұрады. Бұл жөнінде 13 маусымда Душанбеде өтіп жатқан халықаралық конференция кезінде Тәжікстанның сыртқы істер министрі Сироджиддин Аслов мәлімдеді.

- Терроризм мен экстремизмнің алдын алу үшін жастар мен жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

- Экстремистік мақсатта интернетті пайдаланудың алдын-алу.

- Түзету мекемелерінде экстремистік идеялардың таралуын құлақтандыру.

- Әйелдер арасында терроризм мен экстремизм идеяларын таратуға қарсы күрес.

Сыртқы істер министрі сонымен бірге кейбір әріптес елдердің "қосарлы стандарт" саясатын сынға алды. Оның сөзінше, мұндай талаптар аймақтардағы қауіптің шынайы жағдайын бағалауға қиындық келтіреді.

"Тәжікстан терроризмнен сақтандыру жөніндегі халықаралық міндеттемелер аясында жақсы жұмыс істеді. Біз қатердің барына қарамастан, қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтап келе жатқан санаулы ғана елдердің біріміз. Біздің бастамамызды өкінішке қарай кейбір елдер әркез қолдай бермейді", - деді ол.

XS
SM
MD
LG