Ссылки доступа

Грузияда міндетті түрде әскерге шақыру алынып тасталды


"Бізге армияға күшпен әкелінген әскери қызметкерлер керек емес", – деп мәлімдеді Хидашели. Оның сөзінше, бұдан былай Грузия армиясы тек ғана келісім-шарт бойынша жүзеге асады. "Егер болашақ қорғаныс министрі әскерге шақыруды міндеттеуді қайтадан қолға алғысы келсе, алдымен менің жарлығымның күшін жою керек", – деп атап өтті Тинатин Хидашели.

Әскери-аналитикалық "Арсенали" журналының бас редакторы Ираклий Аладашвилидің жазуынша, қазіргі уақытта Грузия армиясының 90 пайызы келісім-шартпен келген сарбаздардан құралған. Тек 10 пайызы ғана шақырылған сарбаздар, олар қосымша жұмыстар атқарады. Министрдің жарлығы шақырылғандарды армияда қызмет етуге тыйым салады. Бірақ бұл әскерге шақыруды мүлдем жойды деген сөз емес. Шақырылған әскерлер бұрынғыша қарулы күштердің басқа құрылымдарында қызмет етеді. Мысалы, Мемлекеттік күзет қызметі, ІІМ-нің арнайы тағайындалған бөлімшелерінде әскери қызметін өтейді.

Парламенттегі қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ираклий Сесиашвили қорғаныс министрінің жарлығын "жауапсыздық таныту" деп атады. Оның сөзінше, Грузия армиясы толығымен келісім-шарт жүйесіне өтуге әлі дайын емес.

XS
SM
MD
LG