Ссылки доступа

Өзбек арналары "Ахмадбайдың" атақты салымшыларын әшкереледі


Фильмде "Ахмадбай" алаяқ ретінде көрсетіледі, ол құрған қаржы пирамидасы салымшыларының ішінде танымал әншілер, сықақшылар, хокимдер, тіптен милиция жетекшілері де болған екен.

Фильмде Ахмад Турсунбаев алаяқ екенін мойындап, клиенттерінен "кешірім" сұраған. Кәсіпкер сонымен бірге "қаржы пирамидасының банкрот болғанын мәлімдеп, тығырыққа тірелгенін айтқан".

Өзбекстанның танымал тұлғалары, хокимдері, милиция басшылары "Ахмадбайға" жоғары процентпен ақша бергендері де фильмде айтылады.

Еске сала кетейік, Ахмад Турсунбаев жөніндегі бірінші деректі фильм ол ұсталғаннан кейін, бір күн өткен соң 16 маусымда көрсетілді.

XS
SM
MD
LG