Ссылки доступа

Іздеудегі экстремистік ұйым мүшесі тәжік полициясына берілді


Өз еркімен берілген Орифджон Эргашев кезінде "Такво" мешітінің бұрынғы имамы, Худжант қаласындағы Шейх Муслихиддин атындағы орталық мешіттің бас имамының орынбасары болған. Тәжікстан Жоғарғы соты "Ихвон-ул-муслимин" ұйымын 2006 жылы эстремистік ұйым санатына жатқызды.

Соғды облысы ішкі істер басқармасы басшылығының Озоди радиосына хабарлауынша, Орифджон Эргашев төрт ай бұрын "Ихвон-ул-муслимина" ұйымына мүше алты имамды ұстаған кезде қашып кеткен еді. "Әуелі ол Дубайға барған, кейін Ресейге өткен. Тыйым салынған ұйымдар мен ағымдардың барлық мүшелері айыптарын мойындаған жағдайда жазадан босатылатынын естіп, ол Тәжікстанға қайтып келген", - деді Озоди дереккөзі.

Орифджон Эргашевтің үстінен "экстремистік ұйымға қатысқаны" үшін қылмыстық іс қозғалды. Прокуратурадағылардың хабарлауынша, бұрынғы имамның жасаған басқа қылмысы болмаса, ол бостандыққа шығады.

Тергеу кезінде Эргашев "Ихвон-ул-муслимин" ұйымына 1993-2001 жылдары шетелде оқып жүрген кезінде мүше болғанын айтқан. Бұған қоса, ол 15 жыл бойы осы ұйымның идесын насихаттаумен айналысып, жыл сайын 3-4 мың доллар алып жүргенін мойындады.

XS
SM
MD
LG