Ссылки доступа

Пхеньян АҚШ-тың зымыранға қарсы жүйесіне жауап береміз деп сес көрсетеді


Солтүстік Корея Оңтүстік Корея аумағына америкалық зымыранға қарсы жүйені орналастыруға тиісінше жауап береміз дейді. 8 шілдеде Сеул мен Вашингтон Солтүстік Корея тарапынан қауіп-қатердің өсуіне байланысты Оңтүстік Кореяға жылжымалы іске қосу құрылғысын (THAAD) орнату ниеттері бар екенін мәлімдеген.

Солтүстік кореялық әскерилер бұл мәлімдемеге қарсы, америкалық жүйенің Оңтүстік Кореяға орналасқаны қалай белгілі болады, солай "күшпен жауап береміз" деп сес көрсетті.

Вашингтон мен Сеул әзірге қашан және қай жерге құруды жоспарлағандарын айтпады, бірақ қорытынды кезеңге келді деп мәлімдеді.

АҚШ-тың қаржы министрлігі THAAD орналастыру жөнінде мәлімдеуден бірер күн бұрын Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынге қарсы елінде азаматтардың құқығын бұзып отыр деп санкция енгізген болатын. Пхеньян болса, бұл қадамды "соғыс жариялады" деп қабылдады.


XS
SM
MD
LG