Ссылки доступа

Риодағы Ойындарға баратын Ресей құрамасы 31 шілдеге дейін белгілі болады


Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына баратын Ресей құрамасының толық құрамы 31 шілдеге дейін белгілі болады. Бұл туралы Ресей Олимпиада комитетінің (РОК) басшысы Александр Жуков мәлімдеді.

Оның айтуынша, халықаралық федерациялардың бірқатары ресейлік спортшылардың Олимпиадаға қатысуына рұқсат беру-бермеу туралы шешімін әлі шығарған жоқ. Жуков кейбір спорт түрлерінде, атап айтқанда, ауыр атлетикада ресейлік атлеттер саны аз болатынын ескертті.

Бұған дейін РОК басшысы Олимпиада ойындарына қатысуға шамамен 270 ресейлік атлет рұқсат алғанын мәлімдеген еді.

18 шілдеде Дүниежүзлік допингке қарсы күрес агенттігі (WADA) ресейлік лабораториялардың, Федералдық қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, допинг қолданған спортшыларды әдейі жасырып келгені туралы баяндамасын жариялады.

Соған қарамастан, Халықаралық олимпиада комитеті ресейлік спортшылардың Бразилиядағы Ойындарға қатысуына рұқсат беріп, түпкілікті шешімді жекелеген спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың құзырына қалдырды. Олар Ресей құрамасындағы 387 спортшының 100-ден астамына Ойындарға қатысуға рұқсат бермей қойды.

XS
SM
MD
LG