Ссылки доступа

Алеппода оппозиция үкімет әскерін шабуылдай бастады


Сириялық Алеппо қаласында жексенбі күні оппозицияның қарулы тобы шаһардың басым бөлігіне бақылау орнатқан үкімет күштеріне шабуылдады. Қарулы қақтығыстар қаланың бірнеше шеткері аймақтарында жүріп жатыр, деп хабарлады Associated Press.

Кеңсесі Ұлыбританияда орналасқан сириялық адам құқықын қорғау орталығының хабарлауынша, жексенбі күні оппозиция бақылауындағы аудандарды үкімет күштері бомбалаған. Бұл аудандардың тұрғындары бас сауғалау үшін резіңке шиналар өртей бастады.

Алеппо – Сириядағы екінші үлкен қала. Ол Башар Асад және сириялық оппозиция күштері бақылауға алған аймақтарға бөлінген. Соңғы апталарда үкімет күштері ереуілдеушілерге күш көрсетуін жиілетті. Екі апта бұрын Башар Асад әскері оппозиция бақылауындағы ауданға баратын күре жолды жапты. Соның нәтижесінде жүздеген адам азық-түлік пен медициналық көмек жетпей қалды.

XS
SM
MD
LG