Ссылки доступа

ФҚҚ украиналық диверсанттың тергеуі делінген видеороликті жариялады


Евгений Панов - задержанный в Крыму якобы украинский диверсант

Евгений Панов - задержанный в Крыму якобы украинский диверсант

Федералдық қауіпсіздік қызметі Ресеймен аннекцияланған Қырымда диверсия әзірледі деген күдікпен ұсталған Украина азаматы Евгений Пановтың тергеудегі видеосын көрсетті.

Пановтың айтуынша, жарты аралға жеткізілген топтың құрамында украиналық тергеудің офицерлері кірген. Айыпталушы олардың есімдері мен бүркеншік аттарын атады.

Сепаратистерге қарсы операция аймағындағы әскери қимылдарға қатысты деп таныстырылған Панов Киевке шақыртылғанын, Қырымда диверсия жасау үшін құрылған топты басқарғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, шабуыл паром өткелінде, химиялық зауытта, мұнай базасында және басқа да нысандарда жасалуы тиіс болған. Операция барысында бес ресейлік әскери форма пайдаланылды, Армянск қаласында қару-жарақ және жарылғыш заттар қоймасы жасырылды, деді Панов.

Бұған дейін Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Қырымда ұсталған екінші украиналықтың есімі - Андрей Захтей екенін жариялаған еді. Министрлік мәліметі бойынша, Қырымда Украина және Ресей азаматтары ұсталған. Ресейлік арнайы қызметтің Қырымдағы операциясы "Украина Қорғаныс министрлігі Бас барлау басқармасының агенттік жүйесінің көзін жою" деп аталды.

Сол күні украиналық Бас штабтың баспасөз хатшысы Владислав Селезнев Ресей басып алған Қырымның әкімшілік шекарасында ресейлік әскердің нығаюына жауап ретінде шара қолданылып жатқанын мәлімдеді. Селезнев украиналық әскердің президент Петр Порошенконың нұсқауын орындап жатқанын атап өтті, бірақ нақты қандай шешім қабылданғанын түсіндірмеді.

Украина Сыртқы істер министрлігі халықаралық ұйымдарды "Кремльдің арандатушылығына" жауап беруге, ал ЕҚЫҰ қызметтерін Қырыммен шекарадағы бақылауын күшейтуге шақырды.

XS
SM
MD
LG