Ссылки доступа

Ташкентте жаңа прокурор тағайындалды


Өзбекстан бас прокурорының жарлығымен, Ташкент қаласының прокуроры болып әділет министрінің аға кеңесшісі Батыр Кудратхаджаев тағайындалды. Бұл ақпарат ресми баспасөзде және Өзбекстан бас прокурорының веб-сайтында әлі жарияланған жоқ.

Дегенмен, "Азаттық" дереккөзінің хабарлауынша, Ташкент прокуроры қызметіне 41 жастағы Батыр Кудратхаджаев тағайындалды. Ол 2014 жылдан бастап қазірге дейін Сұрхандария облыстық прокуратурасында жұмыс істеді.

Еске салайық, өзбек астанасының прокуроры қызметі биылғы наурыз айынан бері бос тұр. Бұрынғы прокурор Мирзохид Абидов Ташкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне ауысқан еді. Соңғы алты айда Ташкент прокуроры қызметін Мираглам Мирзаев уақытша басқарып келді.

2010-2012 жылдары Кудратхаджаев Шығыс әскери округінде әскери прокурор қызметін атқарған, ал 2012-2014 жылдары Әскери прокурордың орынбасары болған.

XS
SM
MD
LG