Ссылки доступа

Қазақ арнайы қызметі теракт дайындаған топты ұстағанын хабарлады


Қазақстан ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызыметінің хабарлауынша, Алматы облысында төрт адам республика аумағында бірнеше теракт ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қолға түсті. Ұсталғандар - Қазақстан және Қырғызстан азаматтары.

"Ұсталған топ мүшелерінен қолдан құрастырылатын жарылғыштарға қажетті заттар және діни экстремистік материалдар табылды, олар өздері тұратын жерде ғана емес, арнай жасақталған құпия орындарда да сақталған", – делінген 22 тамызда таратылған хабарламада.

"ҰҚК, полиция мен әскери бөлімшелерге қарулы шабуыл ұйымдастырмақ болған радикалшыл топтың жоспары жүзеге аспай қалды. Одан соң олар халық тығыз орналасқан орындарда террорлық шабуылдар жасауды көздеген", - делінген хабарламада.

5 маусымда қазақстандық Ақтөбе қаласындағы қару-жарақ дүкендері мен әскери бөлімге шабуыл жасалды. ІІМ мәліметі бойынша, шабуылды 27 адам жасаған. Шамамен 20 адам опат болды, олардың 13-і - шабуылдаушы. 38 адам жараланды, олардың дені - әскер қызметкерлері. Билік бұл шабуылды теракт деп атады.

Ақтөбедегі шабуылдан соң Қазақстанда террорлық қауіптіліктің "сары" деңгейі енгізілді.

XS
SM
MD
LG