Ссылки доступа

Пентагон: ИГИЛ басты насихаттаушысынан айырылды


Пентагон "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының баспасөз хатшысы Әбу Мұхаммед әл Аднани Сирияда америкалық әуе соққысынан қаза тапқанын хабарлады.

"Сириядағы Әл Бабаға жақын маңдағы соққының мақсаты - ИМ ұйымының басты насихаттаушысы, шетелдегі террорлық операцияларды жобалаушының көзін жою болды", - деп мәлімдеді Пентагон баспасөз хатшысы Питер Кук.

Оның айтуынша, Аднанидің өлімі экстремистік топтың жағдайын қиындатады, өйткені ол басқа елдердегі азаматтық нысандарға шабуылдарды ұйымдастырып келген.

Әуе соққысы 30 тамыз күні америкалық ұшқышсыз басқарылатын Predator аппаратымен жасалған. Ол жіберген Hellfire зымыраны Аднани мінген авокөліктің талқанын шығарған.

Аднани "Ислам мемлекетінің" баспасөз хатшысы қызметін атқарды және ол былтыр Париж, Брюссель, Стамбул және Бангладештегі ірі шабуылдарды ұйымдастыруға көмектескен. Ресми өкілдің мәлімдеуінше, оның Синай түбегінде ресейлік авиалайнерге жасалған шабуылға да қатысы бар.

XS
SM
MD
LG