Ссылки доступа

Қазақстанда педофилге күдікті Өзбекстан азаматы ұсталды


Куәгерлер кішкентай қызды саябаққа сүйреп, оны тұншықтырып, зорламақ болды дейді.

Informburo.kz интернет-басылымының жазуынша, Жезқазған қаласының 38 жастағы тұрғыны қылмыстың алдын алған. 10 жастағы қызды зорламақ болған ер адамды қорқытып, оқиға орнына полицияны шақырған.

«Оқиға орнында Оңтүстік Қазақстанда тұрып келген 23 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша тергеу абақтысына жабылды. Тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлайды Қарағанды облысының ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі.

XS
SM
MD
LG