Ссылки доступа

Душанбе мешіттерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді (видео)


Душанбе орталық мешітіне келушілерді жарылғыш затты көретін металл анықтағышпен тексеретін болады. Қожа Якуб мешітіне жеткізілген металл анықтағыш жақын күндері есік алдына орнатылады.

Душанбедегі орталық мешітте қауіпсіздіктің күшейтілуі Астана әкімдігінің шешімімен жүзеге асады. Қала әкімшілігі мұндай шараның терроризммен күрес туралы заң аясында қабылданғанын, алдағы уақытта басқа да мешіттерде осындай металл тексергіш орнатылатынын мәлімдеді. Әкім қаулысы бойынша, мұндай шараның мақсаты - "барлық мешіттерде тұрғындардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету".

В центральной мечети Душанбе установили камеры наблюдения
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:09 0:00

Бұған қоса Қожа Якуб мешітіне қосымша бақылау камералары орнатылады. Бірқатары мешітте тәулік бойы бақылау орнату дін ұстанушылардың діни наным-сенім құқығын бұзушылық деп есептейді.

Тәжікстан билігі "Ислам мемлекеті" және басқа да экстремистік топтар тарапынан қауіп күшейгенін, полиция ондаған террорлық шабуылдардың алдын алғанын үнемі ескертіп келеді.

XS
SM
MD
LG