Ссылки доступа

Өзбекстан бас дипломаты ИЫҰ бас хатшысымен кездесті


Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абулазиз Камилов Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) бас хатшысы Ияд Амин Маданимен кездесті деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында 18 қазанда Тәшкентте өтетін ИЫҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің 43-сессиясы барысын талқылаған. Тараптар күн тәртібіндегі мәселелерді тағы бір пысықтаған.

ИЫҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кеңесіне 26 мүше елдің өкілі келеді. Күн тәртібіне сәйкес, кеңестің ашылуы салтанатында Өзбекстан президенті міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеев сөз сөйлемек.

43-сессия қорытындысында арнайы құжат қабылданып, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық мәселелер бойынша Тәшкент декларациясы бекітілуге тиіс.

XS
SM
MD
LG