Ссылки доступа

Оңтүстік Корея парламенті президентке импичмент жариялау мәселесін талқылайды


Оңтүстік Корея парламенті осы аптада президент Пак Кын Хеге импичмент жариялау мәселесін қарайтын болады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Мәселені 9 желтоқсанда қарайды. Импичмент үшін парламенттегілердің үштен екісі дауыс беруі керек. Ұсыныс қолдау тапса, онда мәселені жарты жылдың ішінде Конституциялық сот қарайтын болады.

Оңтүстік Корея басшысы Пак Кын Хенің рейтингі қазан айының соңында күрт түсіп кетті. Оған президенттің дос қызының мемлекеттік саясатқа ықпал еткені туралы жергілікті БАҚ мақалалары түрткі болды.

Президенттің бұрынғы көмекшілерінің бірқатары билікті асыра пайдаланғаны үшін қамауға алынды. Пак Кын Хе көпшіліктен кешірім сұрады, бірақ қызметтен бас тартқан жоқ.

XS
SM
MD
LG