37 жастағы Чуприн, тергеу мәліметі бойынша, 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2015 жылдың 20 мамыры аралығында ВКонтакте әлеуметтік желісінде "қолданушылардың сынына ұшыраған және әлеуметтік шиеленіс" туғызған пікірлер қалдырған. Бұл пікірлер "ұлттық төзбеушілік" туғызды делінеді.
"Мен қозғаған тақырыпты бірден басқа жаққа бұрып әкетті, Ресейдің Қазақстанға қосылған облыстары бейнеленген ұлттық картаны маған жолдады, - деп мәлімдеді Чуприн соттағы соңғы сөзінде. - Ол кезде мен бұл қолданушылардың арандатушылық ниетін түсінбедім, солармен сөз таластырдым".
Чуприн "қазақ халқынан кешірім сұрайтынын" мәлімдеді. Бірақ сот оны бірқатар баптар бойынша айыпты деп тапты.