Ссылки доступа

Мәскеуде қырғыздар мигранттар мәселесін талқылайды


Бүгін Мәскеуде қырғызстандықтар жиналыс өткізіп, мигранттар проблемасы мен оның шешу жолдарын талқыламақ. Бұл жөнінде жиынды ұйымдастырушылардың бірі Надыр Мурас Facebook парақшасына жазған.

Оның сөздерінше, Мәскеуде тұратын қырғызстандықтар әртүрлі салада табыстарға жетіп келеді, бірақ бірқатар проблемалар бар. Оларды бір-бірімізге көмектесу арқылы шешуіміз керек дейді.

Надыр Мурас Ресейде миграция саласын реттейтін заңға өзгерістер енгізіліп жатыр, бұл жөнінде мигранттардың көбі білмейді дейді. Ол жиналыста отандастарға осы мәселені түсіндіретіндігін айтады.

Ұйымдастырушылар үш айда бір рет жиналыс өткізіп тұруды қолға алған. Онда заңдарды түсіндіру жұмыстарынан басқа, қаржылық сауаттылық мәдениет жөнінде де айтылады екен.

Жиналыстың өтетіні жөнінде Қырғызстан елшілігіне, Ресейдің ішкі істер министрлігіне ескертілгені хабарланған.

XS
SM
MD
LG