Ссылки доступа

Қазақстандық журналист рақымшылыққа ілінді


Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының № 2 соты жергілікті журналист әрі белсенді Амангелді Батырбековке қатысты аудан прокурорының орынбасары Нұрлан Сапаровтың шағымы бойынша үкім шығарды.

Сот журналист, "Сарығаш-Әділет" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Батырбековті Қылмыстық кодекстің 411-бабы («Судьяға, алқабиге, прокурорға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына қатысты жала жабу») және 419-бап бойынша («Көрiнеу жалған сөз жеткiзу») айыпты деп таныды. Журналистке бір жыл, алты ай және 19 күн бас бостандығынан айыру жазасын кескен. Бірақ рақымшылық заңына қатысты он сот залынан босатты.

Сот залынан босап шыққан Амангелді Батырбеков толық ақталуым керек деп, қайта шағымданатынын айтты.

«Әділ сөз» қоғамдық қоры Амангелді Батырбековті «Қазақстандағы сөз бостандығының тұтқыны» деп атады.

XS
SM
MD
LG