Ссылки доступа

Өзбекстанда СЭС қызметкерлеріне тағы тезек тергізіп қойды


Өзбекстанның Сұрхандария облысына қарасты Шурчинск ауданының мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау қызметкерлері басшылықтың әр үйден тезек жинау туралы тапсырмасына наразылық білдірді.

Медбикелердің бірінің айтуынша, жергілікті билік медициналық қызметкерлерді қара жұмысшы ретінде пайдаланады.

"Ақысы төленбейтін жұмыс шыға қалса, оған дәрігерлер мен мұғалімдерді шегеді. Қазір шамамен 40 дәрігер және медбике ауылдарға жіберілді. Олар әрбір үйге кіріп, қанша тезек барын анықтауы керек. Сосын тұрғындар тезекті сатуға көнсе, дәрігерлер оны шаруаларға хабарлайды", - деді ол.

Дәрігерлердің айтуынша, жергілікті тұрғындар тезек сатқысы келмейді. "Ауылда газ жоқ, жарық дұрыс берілмейді. Халық тезек дайындап, сонымен үйді жылытады", - деді медбике.

Шурчинск ауданы СЭС қызметінің бас дәрігерінің орынбасары Мусурмон Эшонкулов орталық қызметкерлерінің тезек жинауға жіберілгенін растады. "Тезек мәселесі - республикалық маңызға ие. Сол арқылы біз шаруаларға тезек қорын жинауға көмектесеміз", - деді ол.

XS
SM
MD
LG