Ссылки доступа

Тәжікстан мен Ауғанстан тұтқындарын алмасады


Бұдан былай Тәжікстан мен Ауғанстанның түрмелерінде отырған аталған елдің азаматтары туған жерлеріне эктрадицияланады. Тәжікстан парламенті 16 ақпанда екі ел арасындағы тұтқын алмасу жөніндегі келісімді бекітті.

Тәжікстан ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Аламшох Абдурахмонзода аталған келісім күшіне енгеннен кейін, Тәжікстанда қылмыс жасап, көрші елде қашып жүрген отандастарын елге қайтаруға мүмкіндік болатынын жеткізді.

Екі елдің түрмелерінде отырған Ауғанстан және Тәжікстан азаматтарының нақты саны жөнінде ІІМ өкілі мәлімет айтпады. Алайда тәжік түрмелерінде отырған ауған азаматтарының көбі заңсыз есірткі саудасымен айналысқан және шекараны заңсыз кесіп өткен. Ауғанстан абақтыларында отырған Тәжікстан азаматтарының дені террористік әрекеттері үшін сотталған.

XS
SM
MD
LG