"Президент ауданға келеді дегенді естіген тұрғындар онымен кездескісі келді. Бірақ ауылдан шыға берісті МАИ қызметкерлері жауып тастады. Махалла ақсақалы Элямин ака: "Ешкім ешқайда бармайды, ауылдан ешкім шықпайды, үйлеріңе қайтыңдар!" - деп ұрысты", - дейді екінші топтағы мүгедек Нафосат Халидова.
25 жастағы ауыл тұрғынының айтуынша, наразы азаматтар ауылдың көптеген мәселелерін президентке жеткізісі келген.
"Қыста бізде жарық болмайды, отын қымбат тұрады. Халықта ақша жоқ", - деп шағымданды Халидова.
28 наурызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Навои облысына барды. Ол Қызылтепе және Кармани аудандарындағы жобалармен танысты. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар барысында Мирзияев халықпен кездеседі.