Ссылки доступа

Орталық Азия 2016 жылдың үздік туризм мекені ретінде танылды


Орталық Азия канадалық «G Adventures» туристік операторының нұсқасы бойынша, бірінші орынға шықты.

Онда қызықты оқиғалардың куәсі болатын үздік бес елді атаған. Екінші орында Жапония, үшінші-бесінші орындарға Солтүстік Бразилия, АҚШ-тың солтүстік-батыс тынық мұхиты мен Шри-Ланка кірген.

«G Adventures» – әлемнің табиғаты жабайы елдеріне саяхат жасауды ұйымдастыратын әлемдегі танымал компаниялардың бірі. Компания 1990 жылы негізін қалаған. Әртүрлі «Greenpeace» секілді экологиялық ұйымдармен жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың желтоқсан айында британдық The Guardian газеті Қырғызстандағы альпинизмнің ерекшеліктері жайында материал жарық көрді. 2016 жылдың басында британдық Financial Times газеті Қырғызстанды саяхат жасауға лайық 7 үздік елдің қатарына енгізді.

Сонымен бірге халықаралық Business Insider порталы өзінің материалында Қырғызстанды 2016 жылы міндетті түрде туристер бару керек 12 елдің тізіміне енгізген.

XS
SM
MD
LG