"20 қазанда біз партияның уақыт пен арыздың беру тәртібін бұзғаны үшін өтініштерін қараудан бас тартқанбыз. Ал сот болса қайта қарау туралы шешім шығарды. Біз Жоғарғы сотқа апелляция береміз", - деді Бекбасаров.
24 қазанда Бірінші май аудандық соты "Бутун Кыргызстан Эмгек" партиясының арызын қанағаттандырып, ОСК-на бюллетенді қайта санау туралы шешім қабылдады.