Ссылки доступа

Өзбекстанның кейбір қалаларында табиғи газды өшіріп тастаған


"Озодлик" радиосының (Азаттықтың өзбек қызметі) хабарлауынша, осыған дейін табиғи газбен қамтамасыз етіліп отырған Өзбекстан облысының әр қалаларында газды толықтай өшіріп тастаған. Атап айтқанда, Ферғана, Жызақ, Самарқанд, Ургенчі елді мекендерінде соңғы бір аптадан бері табиғи газ жоқ.

"Узтрансгаз" компаниясы тұрғындардың шағымына қатысты халықтың күн суытуына байланысты газды шексіз көп пайдалануынан туындады деп түсіндірген.

Өзбекстанда жыл сайын 70 миллиард кубометр газ өндіреді. "Узтрансгаздың" берген ақпараты бойынша, оның 24 проценті халықтың қажеті үшін жұмсайды, 20 проценті шетелге экспортталады. Ал қалған бөлігі елдің өндірісі үшін пайдаланылады.

Жақын жылдары Өзбекстан үкіметі елдегі валюталық кірісті ұлғайту үшін газ экспортын өсірмекші.

XS
SM
MD
LG