Ссылки доступа

Мәскеу бүгін сталиндік репрессияның құрбандары еске алды


Мәскеуде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде "Есімдерді қайтарамыз"деген атпен акция өтіп жатыр.

Таңғы тоғыздан кешкі онға дейін қоғам қайраткерлері, құқық қорғаушылар және қарапайым мәскеуліктер кезекпенен сталиндік репрессия жылдарында қайтыс болғандардың аты-жөндерін дауыстап оқиды. Мысалы, екі мыңнан астам саяси құрбанның есімдері Лубянск алаңында аталатын болады. Азаттықтың орыс қызметі акцияны тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Ресей құқық қорғаушыларының сөздерінше, "үлкен террор" кезінде 30 мыңнан астам адам атылған.

Аталған акция таяу күндері Ресейдің басқа қалаларында да өтпекші.

XS
SM
MD
LG