Ссылки доступа

Петербургте ұшақ апатынан қайтыс болғандарды еске алды


Жексенбі күні Петербургте үш мыңға жуық адам Сарай алаңына жиналып, Airbus A321 ұшағынан қайтыс болған 224 адамды еске алу шарасын өткізді.

Осыдан бір ай бұрын тура осы күні, осы жерде жетім балаларға арналған "Бақыттың ұлты жоқ" деген атпен арнайы акция өткізу жоспарланған болатын. Акцияны ұйымдастырушылар да құрбандарды еске алуға қатысты.

Мыңдаған адам "мама" деген сөзді құрап, мобилді телефондары арқылы жарық берді. Бір минөт үнсіздіктен кейін, 224 қызыл шарды әуеге жіберді. Осыдан кейін бейбітшіліктің белгісі ретінде, ақ көгершіндерді көкке ұшырды.

1 қарашада Каирдан Санкт-Петербургке 162 адамның денесі бар ұшақ жіберілді. Шарм-эш-Шейхтан Петербургке қарай бет алған "Когалымавиа" әуе компаниясының Airbus A321 ұшағы 31 қазан күні Ариш және Хасна қаласының маңында жарылды.

XS
SM
MD
LG