Орталық Азия елдеріне сапармен жүрген Керри бұған дейін бүгін Өзбекстанның Самарқан қаласында аймақтағы бес ел – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан мен Өзбекстан сыртқы істер министрлерімен кездескен.
Астанада Джон Керри Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен жүздеседі. Сонымен бірге, "АҚШ-Қазақстан стратегиялық серіктестігі" диалогы аясында өтетін кездесуге қатысып, Назарбаев университетінде сөз сөйлейді деп жоспарланған.
Аймақ елдеріне сапары қарсаңында Джон Керриді бірқатар халықаралық ұйымдар мен кейбір саясаткерлер Орталық Азия елдері үкіметтеріне сол елдердегі бұзылып отырған адам құқықтары мен азаматтық бостандықтар жағдайын ашық айтуға шақырған.