Оның сөзінше, олар Pratt&Whitney компаниясына қатысты А-321 ұшағының қозғалтқышын жасап шығаратын мамандар. Шукри әрі қарай тергеу ісіне АҚШ-тың Федералды барлау қызметінің мамандары да қосылуы мүмкіндігін жоққа шығармады.
Еске сала кетейік, 31 қазанда Шарм-эш-Шейхтан Петербургке ұшуға бет алған А-321 ұшағы апатқа ұшырады. Борттағы 224 адам қаза тапқан. Апаттың себебін тергеп жатқандардың бірі ұшаққа жарылғыш зат қойуы мүмкін деген жорамал жасаған болатын.