Ссылки доступа

Reuters: ИМ Ресейге теракті жасаймыз деп мәлімдеді


"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы интернетке Ресейге қарсы теракті жасаймыз деген видеосын жариялады.

Бұл жайында Reuters агенттігі исламдық сайттарға мониторинг жасайтын SITE тобына сілтеме жасап таратты. Бейнебаян ИМ "Әл-Хайят Media Cеnter" деген атпен жарық көрген. Жазбада орыс тілінде "Жақында, өте жақында мұхиттап қан төгіледі" деген сөздер қайталанған.

Бірқатар батыстық барлау қызметтері Египетте А321 ұшағын жарып жіберген осы ИМ деп күдіктенген.

Сәрсенбі күні Ресей ІІМ интернетке жарияланған бейнебаянды кімдердің салғаны тексерілетінін хабарлады. Мекеменің өкілі Елена Алексееваның айтуынша, полиция бұл ақпаратты белсенді түрде таратқан бірнеше адамды анықтаған.

Дәл осы күні интернетте "Ресей аумағына бірнеше дайындықтан өткен террористер кірді, олар қоғамдық орындарға теракті жасамақшы" деген ақпарат тараған болатын.

XS
SM
MD
LG