Ссылки доступа

«Орталық Азия» -- «The Current Time» жобасының жаңа бағдарламасы


«The Current Time» – «Осы уақыт» телевизиялық жобасы эфирінен күнделікті жарты сағаттық «Орталық Азия» бағдарламасы шыға бастады.

«Орталық Азия» – бұл «инфотаймент» стиліндегі ашық, динамикалық, интерактивтік бағдарлама. Ол көңіл көтеретін-танымдық шоу мен «жаңа медиа» технологиясының элементтері мен классикалық тележурналистика қосындысынан жасалған дейді жоба жетекшісі Кенан Алиев.

«Орталық Азия» осы елдердегі маңызды деген саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени оқиғалар мен әлемде болып жатқан оқиғаларды көрсетеді. Жоба аймақтардағы ғылым, білім, өнер, тарих және адамдардың спорттық өміріне ерекше көңіл бөледі.

Бағдарламаны Орталық Азия елдеріндегі, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Вашингтон, Нью-Йорк және Пекин мен Праганың бірлескен редакциясындағы тілшілер мен продюсерлер дайындайды. Праганың бірлескен редакциясында жоғары тәжірибелі редакторлар, продюсерлер, режиссерлар, тв-дизайнерлер, журналистер мен диджитал-мамандар жұмыс істейді. Бағдарламаны Орталық Азияға танымал тележүргізуші Динара Егеубаева (Арғын) жүргізеді.

Жоба қыркүйек айында іске қосылды. Осы уақыт аралығында Орталық Азияның бірнеше телекомпаниялары «Осы уақытты» таратуда серіктестері болып келеді.

XS
SM
MD
LG