Ссылки доступа

Қазақстан терактілер туралы хабарламаны жоққа шығарды


Қазақстанның ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде таралған ірі сауда орталықтарында болуы мүмкін терактілер туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Министрлік: «WhatsApp мобильді мессенджерін пайдаланушылар арасында ІІМ-іне сілтеме жасалып, ірі сауда орталықтарында терроризм актісінің жасалуы мүмкіндігі туралы ақпараттар тарай бастады. Қазақстан Республикасының ІІМ бұл ақпаратты растамайды» деп хабарлады.

ІІМ азаматтарды дәйекті көздерден алынған ақпараттарға ғана сенуге шақырады. Бұған дейін министрлік жүзден астам адам қаза тапқан Парижде 13 қарашада болған шабуылдардан соң кейбір объектілерде тексеру мен бақылаудың күшейтілгенін хабарлаған еді.

XS
SM
MD
LG