Ссылки доступа

Түркия СІМ Босфордағы "арандатушылықтан" соң Ресей елшісін шақырып алды


Түркияның сыртқы істер министрі ақпарат құралдарында жарияланған ресейлік әскерилердің Босфор бұғазындағы суреттерінен кейін, бірден Ресей елшісін шақыртып алды.

Бұл жөнінде CNN Turk телеканалы хабарлайды. Суреттерде ресейлік "Цезарь Куников" әскери кемесінің Босфор бұғазы арқылы өтіп бара жатқаны жарияланған.

Жексенбі күні түріктің NTV жеке телеарнасы "Цезарь Куников" кемесінің үстінде ер адамның сұлбасы көрінген кадрларды жариялады. Стамбул портында осы уақытта НАТО кемесі тұрған. Түрік билігі бұл оқиғаны"арандатушылық " деп бағалап, қауіп төндіретін жағдайда сәйкес жауап беретінін айтты. Ал Ресей СІМ әзірге бұл оқиғаға түсініктеме бермеді.

XS
SM
MD
LG