10 желтоқсанда таратқан ақпаратында министрлік қаза тапқандардың 38-і бейбіт тұрғын, 10-ы ауған армиясының сарбазы мен екеуі полицей екенін айтады. Министрлік құрбан болғандардың арасында әйелдер мен балалары да бар дейді. Бір тәуліктен астам уақытқа созылған шабуылдан бұдан өзге 30-дан астам адам жараланған.
Ауғанстан билігінің мәліметінше, қақтығыста 11 талиб оққа ұшқан. Аэродромда орналасқан халықаралық коалиция әскерінен адам шығыны болмаған.
9 желтоқсанда ауған билігі әуелде "Талибан" шабуылынан қаза тапқандар саны 14 адам деп хабарлаған еді. Кандагардағы қақтығыс 8 желтоқсан күні кешке жанкешті содырлар аэродромға шабуылдаған соң басталған.
(Орталық Азия БАҚ үшін фото және видеоны қараңыз)