Ссылки доступа

Түркіменстанда жылқыға қойылатын есімді өзгертуге тиым салды


Түркіменстанда жылқының ақалтеке тұқымының тіршілігін реттейтін заң қабылданды. Сарапшылар мұны президент Гурбангулы Бердімұхаммедовтың жеке басына табынушылықты күшейтуге бағытталған шара есебінде қабылдауда.

Жаңа ереже бойынша, ақалтекеге берілген атты өзгертуге болмайды. Ол туғанынан беріледі және мемлекеттік органдарда сақталатын жылқы тұқымының шежіресіндегі есіммен қалады.

Заң бойынша, әрбір өлген ақалтеке тұқымын арулап жерлеу рәсімі өткізілуі тиіс және оған жылқының өлімін тіркейтін жергілікті билік өкілдері қатысады. Қазіргі таңда жылқыға арналған арнайы мола жоқ, оларды билікке ескертпей ақ, елді мекеннен жырақта көмеді.

Былтыр Гурбангулы Бердімұхаммедов Ашғабаттың орталығында ақалтекеге мінген өзінің жаңа ескерткішін ашты және өз-өзіне «Халық жылқышысы» деген атақ берді. Ол «Ақалтеке – біздің мақтанышымыз бен абыройымыз» деп аталатын кітаптың авторы, ал мемлекеттік жазушылар оның Ақ Хан есімді сүйікті атына 40 тан астам өлең арнаған.

XS
SM
MD
LG