Радио Озодиге берген сұхбатында ол Кабулдағы күштік құрылымдардың өкілі өзіне қызының ақыл-есі кем болғанын жариялап, қаладан кетуі тиіс екенін айтқанын жеткізді. Оның жеке басы мен отбасының қауіпсіздігіне ешкім кепілдік бермеген соң, Маликзода Тәжікстанға келген. Ол қызы мен өзге де ондаған әйелдің қайғылы оқиғасы ауған қоғамында кең талқылануы тиіс деп санайды.
27 жастағы Фархунданың асқан қатігездікпен өлтірілуі Ауғанстан мен өзге елдерде үлкен наразылық туғызды. Қоғамдық ұйымдар Фархунданың өліміне кінәлілерді жазалауды талап етіп, жаппай наразылық шерулерін өткізді.
Наурыз айында Кабулда Құранды өртеді-міс деген айып таққан бір топ адам Фархунданы өлімші ғып сабап, артынан қыздың мәйітін өртеп жіберген еді.
Ауғанстана билігі 49 адамды, оның ішінде полиция және қауіпсіздік офицерлерін жауапқа тартты. Ұсталғандардың 4-і өлім жазасына кесілді, 18 адам кінәлары дәлелденбегендіктен босатылды. Тұтқындалғандардың қалғаны түрлі мерзімге сотталды. Бірақ Фархунданың анасы қызының өліміне қатысты тергеу мен жазалау ісі мұнымен біткен жоқ деп санайды.