Ссылки доступа

Алматылықтар не жұтып жүргендерін білді


Қазақстанның ірі қаласы – Алматы соңғы бірнеше жылдан бері әлемнің ең лас қалаларының тізіміне кіреді. Ауаның ластану деңгейі қалыпты мөлшерден бірнеше есе жоғары, бірақ билік нақты экологиялық жағдайды жасырып келді.

Шындық АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің грантын ұтып алған AlmatyUrbanAir жобасының мүшелері PM10 атты ауадағы шаң-тозаң бөліктерін есепке алатын құрал-жабдық сатып алып орнатқанда ашылды. Олардың қала орталығына қойған тәжірибелік қондырғысы қала ортасындағы ауадағы бөлшектер қалыпты мөлшерден 8 есеге асып кеткенін көрсетті.

Бұл мәліметтер қала тұрғындарының үрейін ұшырды. Өйткені ресми Гидрометтің мегаполистегі ауаға байланысты деректері тым мардымсыз.

UrbanAir қосымшасы IOS жүйесіндегі құрылғыларда небәрі бір апта, ал Андроидпен істейтін құрылғыларда үш апта ғана жұмыс істеді. Одан соң жоба иелері оны тоқтатуға мәжбүр болды. Дегенмен олар қол қусырып отырудан аулақ. Оның үстіне Алматыдағы ауаның ластығы төңіегінде туған шудан кейін, бұл жайлы жергілікті билік те айтуға мәжбүр болды.

XS
SM
MD
LG