Атамбаев 2040 жылы IX-X ғасырда шарықтау деңгейіне көтерілген қырғыз мемлекеттігінің құрылғанына 1200 жыл толады, ал 2041 жылы Қырғызстан тәуелсіздігінің 50 жылдығын атап өтеміз дейді.
“Қырғызда “елу жылда ел жаңа" деген сөз бар. Қырғызстан тәуелсіздігінің 50 жылдығын қалай атап өту керек? Қандай жолмен жүру керек? Қандай мақсаттарға жету керек? Біздің халқымыз қалай жаңарады? Осының бәрін бастапқыда біз анықтасақ, халыққа, елге жеңіл болады. Әртүрлі саяси ойындар, сасыған саясат біздің мемлекетіміздің дара жолынан бұрып әкете алмайды!” - деп мәлімдеді президент.
Президенттің пікірінше, жаңа стратегияда ең алдымен "адам, оның өмірі, денсаулығы, білімі, құқығы мен бостандығы” тұруы керек. “Алайда Қырғызстан халқының күшті мемлекеті болмаса, 2040 жылы қол жеткізуге тырысқан мақсаттарымыз тек арман күйінде қалады. Біздің ұрпақ ел тәуелсіздігін сақтап, мемлекеттігімізді нығайту керек”, - деп атап өтті қырғыз президенті.