Ссылки доступа

Трамп Twitter арқылы Ресей мен Украинаны бейбітшілікке шақырды


АҚШ президенті Дональд Трамп, Украина мен Ресейдің сыртқы істер министрлерімен кездесуден соң, Киев пен Мәскеуді достасуға Twitter арқылы шақырды.

"Кеше, бір күннің ішінде, мен Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Украина сыртқы істер министрі Павел Климкинмен кездестім. Бейбіт өмір сүрейікші", - деп жазды Трамп 11 мамырда өзінің Twitter шағын блогында.

Әлеуметтік желілерде жарияланған суреттер Трамптың Климкинмен шынымен кездескенін растады. Бұл туралы алдын ала хабарланған жоқ еді.

Ресей мен Украина 2014 жылы жанжалдасып қалды. Ресейдің агрессиясы Еуропалық одақ пен АҚШ-тың Мәскеуге санкция салуына түрткі болды. Трамп әкімшілігі Ресей 2015 жылғы бейбіт келіссөз шарттарын толық орындамай, бұл санкциялар жойылмайтынын мәлімдеді. АҚШ президенті сайлау қарсаңындағы науқанда Ресеймен қарым-қатынасын жақсартуға берген уәдесін орындауға тырысып жүр.

XS
SM
MD
LG