Ссылки доступа

Қытай әріптестіктің жаңа үлгісін құруға шақырды


ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Азия мен Еуропада көптеген сала бойынша тығыз әріптестік құруға шақырды.

Бұл ұсынысын ол "Бір белдеу - бір жол" халықаралық форумында - 29 мемлекет басшысының кездесуінде айтты. Форум "Ұлы Жібек жолын" қайта жаңғыртуды көздейді.

Қытай сол арқылы жаһандық сауда және геосаяси ықпалын арттырғысы келеді. Бейжің Қытайды Африка, Азия және Еуропамен порттар желісі, темір жол, жолдар және индустриялық парктер арқылы байланыстыру бастамасына 124 миллиард доллар бөлуге уәде берді.

ҚХР төрағасы форумда бұл жоспардың "әлемде қытайлық ықпалдың күшеюін жүзеге асыру ғана емес" деп мәлімдеді. Қытай басшысы барлығына да тиімді жаңа әріптестік үлгісін ұсынады.

Бейжіңде 14–15 мамыр аралығында "Бір белдеу - бір жол" форумы өтіп жатыр. Оған әлемнің бірнеше елі мен халықаралық ұйымдардан 1,2 мың адам жиналды.

XS
SM
MD
LG