Ссылки доступа

Чех қаласының билігі Сталиннің құрметті азамат мәртебесінен айырды


Чехиядағы Ческе-Будеёвице қаласының билігі Иосиф Сталиннің "қаланың құрметті азаматы" мәртебесінен айырды, деп хабарлады Чехияның қоғамдық телеарнасы.

Сталин құрметті азаматтықты 1945 жылы алған. Мәртебеден айыру туралы пікір-талас биыл көктемде басталған еді. Айта кетерлік жайт, қала басшысы мұндай бастамаға қарсы шыққан.

Ческе-Будеёвице қаласы барлығы 118 адамға құрметті азамат мәртебесін берген. Олардың арасында совет ғарышкері Валентина Терешкова да бар. Оны бұл тізімге 1979 жылы қосқан. Содан бері бұл қалада мұндай мәртебе ешкімге берілмепті. Бұған дейін Чехияның көптеген ірі қалалары Сталиннің құрметті азамат мәртебесінен айырған еді.

XS
SM
MD
LG